Авторлар үшін

Сәлеметсіз бе! "Angime" журналына бөлген қызығушылығыңыз үшін көп рақмет!

Жұмыстарды қабылдау реструктуризацияға байланысты әзірше тоқтатылды.

Әңгіме көркем әдебиет, поэзия, деректі шығарма мен бейнелеу өнері түріндегі өтінімдерді қабылдайды. Біз Орталық Азия мен бұрыңғы Кеңес Одағымен байланысты жұмыстарға ерекше қызығушылығымыз бар болғанымен, мультимәдениетті, көптілді және пәнаралық әртүрлі көзқарастардың ара-қатынасын көрсететін жұмыстарды қуана қабылдаймыз.  

Өтінім бергенде міндетті түрде автор мен жұмыстарды таныстыратын ілеспе хат болу керек, және де бәрі электрондық пошта арқылы жіберілу керек. Пішімдеуге және жұмыс өлшеміне қойылатын талаптармен танысу үшін, әр бөлімге/секцияға арналған ұсынымдарға сүйенуді сұраймыз.

Біз бір мезгілдік өтінімдерді қабылдаймыз, бірақ жұмысыңыздың тағы да басқа жерде шығуын хабарлауыңызды сұраймыз.


Қазақ тіліндегі өтінімдерді

Біз айтары көп, тіл мен әңгіме айту аумағында жаңашыл көзқарас танытқан ақындарды, көркем және деректі шығармалардың авторларын және аудармашыларды іздестірудеміз. Көркем әдебиет пен деректі шығарма үшін өтінімдер 7000 сөзден, ал поэзия үшін 3-5 шығармадан аспауын сұраймыз. 

Қазақ тіліндегі өтінімдерді angimekazakh@gmail.com 

электронды поштасына жіберіңіз.


Көркем әдебиет

Біз өзіндік көзқарасын анық жеткізіп, оқырманның назарын жаулап алатын жазушыларды іздейміз. Біз шығарманы жазып шығарып, ол жайлы достарымызға, жақындарымызға, көршілерімізге, көшеде кездескен үйсіздерге айтқымыз келеді. Әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және географиялық ортадан шыққан дауысты тыңдауға қуаныштымыз. Өкінішке орай, біз бұрында басылым бетіне шыққан жұмыстарды қарастырмаймыз, кез келген тілде. Оған қоса, ең алдымен дәлелденбеген, шындыққа жанаспайтын көркем әдебиет жұмыстарын да қарастыруға алмаймыз. Өтінімдер 7000 сөзден аспауы тиіс, ең қолайлысы 5000 сөзден асырмау керек.

Ағылшын тілінде жұмыс angime.fiction@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз.

Орыс тілінде жұмыс angime.russian.fiction@gmail.com.


Поэзия 

4-6 өлеңді бір кезде тапсырғаныңыз жөн. Үздік жұмыстарыңызды жіберіңіз. Әр беттің тақырыпатында өз есіміңізді, электронды поштаңызды және телефон нөміріңізді жазыңыз. Жеке өлеңдерді баспаға шығарудан бас тарту үшін, поэзия бөлімінің редакторларына тікелей хабарласыңыз. 

Жұмысты ағылшын немесе орыс тілінде angime.poetry@gmail.com электрондық поштасына тапсырыңыз. 


Деректі шығарма 

Біз деректі шығармалардың барлық жанрларын қарастыруға әзірміз: мемуарлар, саяхат жайлы әңгімелер, және де мәдениет, ғылым, философия, қоғамтану жайлы сын. Гибрид жанрындағы жұмыстарды да қабылдаймыз. Үздік жұмыстарға ерекше көзбен қарасақ та, негізінде, 5000 сөзден аспайтын жұмыстарды бірінші қарастырамыз. Бір уақытта бір жұмыс жіберуіңізді сұраймыз және өз байланыс ақпаратыңызды файлда, жұмысыңыздың ішіне қосуыңызды ұмытпаңыз.  

Жұмысты ағылшын немесе орыс тілінде angime.nonfiction@gmail.com электрондық поштасына тапсырыңыз. 


Аудармалар

Бұрын аударылмаған жұмыстардың (проза, поэзия немесе деректі шығарма) аудармаларын тапсырыңыз. Алдында аударылған жұмыстардың жаңа аударма версиялары ерекше жағдайда ғана қарастырылу мүмкін. Поэзия жанрындағы аудармалар 4-6 өлеңмен шектелсе, ал проза және деректі шығарма аудармалары 5000 сөзден аспауы тиіс. Ілеспе хатыңызда жұмысыңыздың  жаңа аударылып жатқан тілдің мәдениетіндегі риторикалық орны жайлы жазыңыз. Оған қоса, методологияңызға да қысқа шолу жасаңыз. Көбінесе, ағылшын, орыс және қазақ тілдері арасындағы аудармаларды қабылдасақ та, басқа да дүниежүзілік тілдерден орыс және қазақ тілдеріне жасалған аударма жұмыстары да қарастырылады.

Аударма жұмыстарын  angime.translation@gmail.com

 электрондық поштасына тапсырыңыз. 


Бейнелеу өнері

Біздің өнер бөлімінің мазмұны тақырыптық емес. Біз суретшілердің тапсыратын жұмыстары Angime-нің миссиясымен байланысты болғанын қолдаймыз. Біз әр-түрлі жұмыстарды қабылдаймыз: көркем сурет, қарындашпен салынған сурет, фотография, комикстар. Оған қоса, аралас медиа, коллаж, мүсіндік туындыларды қабылдаймыз. Бұл жұмыстар баспада жақсы көрінетіндей болу керек. Барлық стиль мен мазмұнды қарастырамыз. Жұмысыңыздың 3-5 бейнесін тапсырыңыз. Ұсынылатын файл түрлері: TIFF, PDF, JPG, PNG.

Өтінім шарттары:

  • Жұмыстың атауын әрбір кескіндемеде, суретте көрсету

  • Әрбір кескіндемеде, суретте жұмыстың өлшемін және электронды тасығыш түрін көрсету

  • 50-75 сөзден тұратын биография жазу 

Жұмыстарды angime.visualart@gmail.com электрондық поштасына тапсырыңыз.


Гибридті/Эксперименттік жұмыстар

Біз эксперименттік және бірнеше жанрлардың, өнер түрлері мен тілдердің қосындысы болып табылатын жұмыстарды қабылдаймыз. Жұмысыңызды қай категорияға көбірек жататынына қарай тапсырыңыз. Категория таңдауда қиындықтар туындап жатса, біздің негізгі электрондық поштаға сұрақтарыңызды жіберіңіз    

angimejournal@gmail.com